Баланы қорғау – болашақты қорғау

12 Views

Ауданда бала құқығын қорғауға
бағытталған профилактикалық кездесулер жалғасуда. Өткен бейсенбіде оқушылармен және мектеп ұжымымен
бастау алған жиын сенбі күні атааналардың қатысуымен жалғасын
тапты.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы, Алматы
қаласындағы психикалық сауықтыру
орталығының суицидтің алдын алу
және шұғыл көмек көрсету қызметінің
маманы Меруерт Шаихова және
«Сенімен Болашақ» республикалық
қоғамдық бірлестігінің Жамбыл
облыстық филиалының жетекшісі
Дәурен Бағжанов қатысты.
Жиында ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлуі, оның көңіл күйі
мен психологиялық жағдайына назар
аударуы, мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқауы және
түрлі қауіптің алдын алу мәселелері
талқыланды. Сонымен қатар бала мен
ата-ана арасындағы сенімді қарымқатынастың маңызы айтылып, қиын жағдайда мамандардан көмек сұрау
жолдары түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Мұндай
кездесулер ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін арттырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Ақжарқын ТОҚСАНБАЙ

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий