ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

15 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Мәдембаеава Айгүл Серікбайқызы 1982 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы №37 орта мектептің табалдырығын аттап, осы білім ошағын
1998 жылы аяқтаған. 1999- 2001 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Заң колледжінің күндізгі бөлімінде заңгер
мамандығы бойынша білім алған. 2001-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық
институтының сырттай бөліміне оқуға түсіп, аталмыш оқу ордасында тарих, география пәндерінің мұғалімі мамандығын
меңгерген. Білімі – жоғары. 2001-2003 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ауыз сумен қамту мекемесінде инспектор
және Қызылорда қалалық зағиптар қоғамы мекемесінің заңгер консультанты қызметін атқарған.
2007-2008 жылдары Көкдөнен ауылдық әкімдігінде жұмыс істеген. 2010-2011 жылдары Ахмет Байтұрсынов атындағы
орта мектебінде зертханашы болып еңбек еткен. 2011-2013 жылдары осы білім беру ұйымында тарих, география пәндерінің
мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2013-2026 жылдары осы мектептің әлеуметтік педагогы, 2026 жылдың қазан айынан
бастап Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін
атқарып келеді.
Отбасылы. 2 қыз,1 ұл тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен жастайымнан еңбекке құштар болдым. Біздің бозбала шағымыз Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында өтті. Ата-аналарымыздың қалай бала-шағамды асыраймын деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, еселі еңбек
еткендерін өз көзімізбен көрдік. Осындай жағдайларды көре тұра, біздің еңбекқор болмауымызға хақымыз жоқ еді. Осы
мақсатпен бала күнімнен білімді болуға тырыстым. Әрдайым қай жерде еңбек етсем де, өзіндік қолтаңбамды сол мекемеде
қалдыруға ұмтылдым. Қазір қарап отырсам, соның бәрі үлкен мектеп екен. Жай тәжірибе де емес секілді. Мен осы аралықта
көп іздендім, көптеген адамдармен тілдестім. Яғни адамның мінезін танып, «ақты ақ, қараның қара» екенін ажырататын
жастамын қазір. Осындай өмірлік мектеп көргеннен кейін, өзімдегі бар білімім мен тәжірибемді жас ұрпақтың келешегіне
жұмсасам деп шештім. Мінеки, осылайша №4 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттығына
кандидатурамды ұсынып отырмын.
«Елге езіліп, жұртқа жұмылып қызмет ет» деген Бауыржан Момышұлының сөзі – менің негізгі ұстанымым. Сондықтан
29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында сіздер мені қолдайды деген ойдамын.
Мен бос сөйлегенді аса ұната бермейтін жанмын. Өзіндік ұстанымым бар. Алға қойған мақсатым да айқын. Ол – халыққа
адал қызмет ету. Ауыл тұрғындарына қолымнан келгенше жақсылық жасау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев өзінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты ел халқына арналған биылғы Жолдауында
көптеген мәселелерді ашып айтты. Оны біреу түсінді, кейбірі тіпті назар да салған болмауы мүмкін. Міне, мемлекет тарапынан
жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалардың қолжетімділігін қарапайым тұрғындарға ашық әрі дәйекті мысалдармен
түсіндіріп жеткізу менің басты міндетім деп білемін. Егерде аудандық мәслихатқа дептутат болып жатсам, жеке бастың
мүддесін емес, халықтың қамын алдыңғы сатыға қоятын боламын. Өйткені мен де сол халықтың өкілімін. 29 қараша күні
мені қолдап, дауыс беріңіздер. Халық қалаулысын таңдау – сіздердің қолдарыңызда. Мен сіздермен біргемін!

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий