41 ViewsКазахстан укрепляет позиции в мировом туризме: строительство Almaty SuperSki вышло в активную фазу Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу развития путешествий…
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
23 Views
ӨМІРБАЯНЫ
Баймұхамбет Ерболат Нұржанұлы 1997 жылдың 13 қыркүйегінде дүниеге келген. 2015-2019 жылдар аралығында Тараз
мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, аталмыш оқу ордасын
тәмамдаған. Білімі – жоғары. 2020-2021 жылдары Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі болып еңбек еткен. 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасына
қарасты Тілдерді оқыту орталығында қызмет атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен №13 округтен Т.Рысқұлов аудандық
мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен депутаттыққа түсіп отырмын. Менің мамандығым – тіл маманы.
Сондықтан әлбетте менің сайлауалды бағдарламамның негізгі принципі де ана тіліміз туралы болмақ. Ана тіліміздің көсегесін
өзіміз дамытпасақ, өзге ешкім сырттан келіп оны дамытпайды. Сондықтан мен секілді әрбір жас өзінің ана тіліне құрметпен
қарауы керек. Сонда ғана өзгелердің қазақ тілге деген беті бұрылады. Егерде аудандық мәслихатқа депутат болып жатсам,
ана тіліміздің ілгері дамуы жайлы мақсат-міндеттерімді жүзеге асыратын боламын.
Құрметті сайлаушылар! Халқымыз үшін қашанда ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың
бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі
туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлейді. Мен солай деп есептеймін. Өз-өзімді ұсынудағы басты мақсатым да сол,
ауылымның тұрмыс жағдайын жақсарту, ауыл тұрғындарының арасында жұмыссыздық санын азайту. Бұдан бөлек егін
және мал шаруашылығын дамыту, халықты жұмыспен қамту, ауылға әлеуметтік нысандар салу.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әр жыл сайын халыққа жолдайтын
Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екені ұдайы айтылады.
Ардақты ағайын, сондықтан егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысудың жолдарын дамытайық. «Саусақ
бірікпей, ине ілікпейді», – деген аталы сөз бар. Кооперативке біріккеннен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Кооператив құру арқылы
ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеп отырмын .
Кәсіппен айналысамын деген жастарға мүмкіндік беріп, қолдау көрсетуге әзірмін. Ауылды көркейту үшін көгалдандырып,
тал-дарақтар егіп, шағын аллеялар отырғызып, жайқалған жасыл аймаққа айналдыру, күтіп баптау жұмыстарын бақылауда
ұстаймын.
Әлеуметтік жағдайы төмен топтарға, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, қолымнан келгенше жәрдем беремін.
Ауылды жарықтандыру, дер кезінде шамдардың жөнделуін қадағалау, көшедегі көлік жолдарын, адамдар жүретін жолдарды
жөндеу қажет. Қазіргі заман талабына сай интернет желілерінің жылдамдығын арттыруын қадағалаймын. Жаһандану
заманында ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмай дәріптеу қажет. «Жаңа Қазақстан» нормаларына сай ауылдарды
ең алдыңғы қатардағы үлгілі ауыл болатындай, алға қойған мақсатымды іске асырып, халқыма ауқымды жұмыстар жасамақ
ниеттемін.
Бұл – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамдардың жаңа көрінісі.
Әрбір шешімді ауылымның мүддесіне сай қабылдаймын.
Бұл – мен үшін бұлжымас ұстанымым. Сондықтан 29 қарашада маған дауыс беріп, мені қолдаңыздар!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
