ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

23 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Орынбасар Ерлан Серікбайұлы 1989 жылдың 22 тамызында Тараз қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Луговой
ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2019-2021 жылдары Алматы қаласындағы аграрлық
университетті орман шаруашылығы саласы бойынша бітірген.
2007-2011 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Қарағанды ішкі істер министрлігі академиясын бітіріп, құқық
қорғау саласында жұмыс жасаған. 2011-2012 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл, 2012-2016 жылдар
аралығында Астана қаласы, Сарыарқа полиция бөлімінде тергеуші болып еңбек еткен. 2019-2021 жылдары Жамбыл облысы
әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сапсан» мекеме қызметінде заңгер, 2023-2024
жылдары «Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің «Үмбет» ЕҚТА-қорықшысы болып
жұмыс істеген. 2024 жылы «Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-сінде аңшылықтану
қызметінде, 2024 жылдап бастап осы мекемеде директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен де №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен аудандық мәслихатқа депутаттыққа
түсіп отырмын. Менің сайлауалды бағдарламамның өзегі мынадай. Адамның басты капиталы – білім. Қазіргі заманды көріп
отырсыздар. Ата-бабаларымыз айтқан «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөздің төркіні шығар күндей шындыққа
айналды. Осы тұрғыдан алғанда ауылдық округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі
деңгейдегі байқауларға қатысуларына барынша қолдау көрсету – менің сайлауалды бағдарламамның негізгі өзегі болмақ. Біз
осы күні көп нәрсеге шүкіршілік деуіміз керек. 2000-шы жылдары біз бала болдық. Сол кезеңдерде де біраз қиындықтардың
шет жағасын өз көзімізбен көрдік. Сондықтан қазір көп нәрсеге шүкір дейтін себебіміз сол. Өзімнің сайлауалды бағдарламамда
аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, оларға да қамқорлық
жасауды негізгі атрибуттардың біріне балап отырмын. Қазір мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдаулар бар.
Өкінішке орай, көпшілік тұрғындар ол жайында біле бермейді. Осы мәселеге де ден қойып, халықты нәтижелі жұмыспен
қамту мақсатында тұрғындарды жеңілдетілген несиелер алып, өз кәсібін ашып, жұмыс жасауға заңды тұрғыда көмектер
көрсетуді де қарастыратын боламын. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясын қос қолдап қолдайтын азаматтың
бірімін. «Таза Қазақстан» деген – тек сенбілік жасап, тазалықтың өлшеміне айналған ұран емес. Ол – елдің, халықтың
мүддесіне адал жұмыс жасау деген сөз. Бұл ұғым жұмыстағы менің басты миссиям десем болады. Одан бөлек кәсіпкерлер,
шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына сол азаматтарды да белсенді
араласуларын ұйымдастырып, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына барынша қолдау
көрсетуге тырысамын.
Егерде осы сайлауда мені қолдасаңыздар, осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді
тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жұмсамақ ниеттемін. 29 қарашада мені қолдайсыздар деп сенемін.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий