ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

25 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Жұмажан Жәнібек Амантайұлы 2000 жылдың 3 ақпанында Құлан ауылында дүниеге келген. Құлан орта мектебінде білім
алған. Кейін Қаратау технология, білім және бизнес колледжіне оқуға түсіп, аталмыш оқу ордасын «Дене шынықтыру және
спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер! Мен сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен №4 сайлау округінен түсіп жатырмын. Тұрар Рысқұлов
аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер болып тіркелгендегі басты мақсатым – аудан тұрғындарының лайықты өмір
сүруін қамтамасыз ету және аймақтың экономикалық әлеуетін жақсарту. Мені қолдап, дауыс беріңіздер. Егерде аудандық
мәслихатқа депутат болып жатсам, мынадай мәселелердің шешу жолында төмендегі басымдықтарды назарға алатын боламын.
1. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары үшін проблема болып отырған жайылым мәселесін, сондай-ақ, ауыл
шаруашылығы инфрақұрылымы және өнім өткізу мәселелерін аудандық деңгейде көтеру.
2. Жергілікті өнімді өндіру, сақтау, өңдеу және өткізу бағытындағы шағын кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
3. Мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген қаржыландыру, кәсіпкерлікке оқыту және ауыл шаруашылығын қолдау шаралары
туралы ақпараттың қолжетімді болуына жәрдемдесу.
4. Жастарға, жұмыс іздеушілерге және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға бос жұмыс орындары, кәсіптік даярлау
және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату бастамаларын қолдау.
5. Жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, жастардың тәжірибеден өтуі мен жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін
ынтымақтастық жолдарын қарастыру.
6. Ауылдың экономикалық әлеуетін пайдалану және жергілікті бастамаларға қолайлы жағдай қалыптастыру жөнінде
ұсыныстар енгізу.
7. Қазақстанның әрбір азаматына ғасырлар бойғы бабаларымыздың арман- мұратын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
8. Тегін медицина және тегін білім. Балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді және тегін
білім беруді қолдау;
9. Қандастарымыздың көптеп елге оралуына ықпал жасап, олардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне өз септігімді
тигіземін.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған жағдайда халық қалаулысы
ретінде осы басымдықтар менің негізгі міндеттерім болып саналады. Жауапкершілік жүгінің ауыртпалығын сезіне отырып,
сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамын. Мені қолдап, дауыс беріңіздер.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий