ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

26 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Садуақас Тұңғышбай Алтынбекұлы 1994 жылдың 19 ақпанында Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 2000-шы жылы
Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, аталмыш білім беру ұйымын
2011 жылы үздік нәтижемен бітірген. 2011 жылы Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының
«Өнертану» факультетіне оқуға түсіп, осы жоғары ордасын 2015 жылы бітірген. Білімі – жоғары. 2016 жылдан бері Мэлс
Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Құлан сазы» ансамблінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда.
Отбасылы. Аяулы жары екеуі 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген адаммын. «Мәдениеттің мәйегі – кітап» дегенді
қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртаза айтқан. Жасыратыны жоқ, жастарымыздың кітап оқуға деген талпынысы мені
ұдайы ойландырады. Біздің алдымыздағы аға ұрпақ өкілдері, менің замандастарым кітапты жарғақ құлағымыз жастыққа
тимей оқыдық десем артық болмас. Өкінішке орай, қазіргі буыннан ондайды байқай бермейсің. Бір жағынан, жас ұрпақты
жазғыра да алмайсың. Өйткені қазір – жаһандану заманы. Мына қолымыздағы смартфон барлығын өзгертті. «Алдымен
өзіңді таны, сонда ғана әлемді тани аласың» деген Сократтың сөзі бар. Сондықтан біз алдымен жастарымызға өзімізде бар
ұлт жауһарларын дәріптеп, олардың назарын мәдениет пен руханият саласына аударуымыз керек. Менің №8 бірмандаттық
аумақтық сайлау округінен өзін-өзі ұсыну тәртібімен депутаттыққа түсудегі мақсатым да – сол. Егерде депутат болып
жатсам, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға барынша үлесімді қосқан болар едім.
Егерде мені қолдасаңыздар, ауылдың экономикасы, әлеуметтік тұрмысы, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымы
тәрізді мәселелеріне белсенділік танытуға, көшелерді жарықтандыру мәселесін қарастыруға ауыл жолдарының сапалы
болуына, сайлау округімдегі тұрғындардың ауқымды ақпарат (интернет) желісімен толық қамтамасыз етіліп, желінің
жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуін жүзеге асыруға ықпал етер едім.
Құрметті сайлаушылар!
Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің айлық жалақысы жылдан-жылға көтеріліп келеді. Шүкір дейміз.
Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар мен азаматшалардың еңбектері ұшан-теңіз. Олардың еңбектері лайықты
деңгейде бағаланса деймін. Аудандық мәслихатқа депутат болсам, аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына сүбелі
үлесімді қосатын боламын. Атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп, өзім сайлауға түсіп отырған округ халқының мәселесін
шешу – менің басты мақсатым болмақ. Осы жолда бар күш-жігерімді сарқа жұмсауға дайынмын. Мен Сіздермен біргемін.
29 қараша күні сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий