ҚҰЛАҚҚАҒЫС

40 Views

Ауыл шаруашылығы сорттарын
санау ғылым мен өндірісті байланыстырушы алтын көпір. Сорт – ауыл
шаруашылығы өндіріс құралдарының
бірі және аталмыш салада маңызды рөл
атқарады. Себебі біз өндіріске ең жақсы
сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері
мен шығымдылығын көбейте аламыз.
Мемлекеттік сорт сынауда басты міндет
ауыл шаруашылығы дақылдарының
барлық сыналатын жаңа сорттың
стандарттары сорттарға қарағанда
қаншалықты мол және сапалы өнім
беретінін нақтылау.
Осы мақсатта Жамбыл облысы
бойынша қолданыста бес сорт сынау
учаскелері бар. Соның бірі Т.Рысқұлов
астық мемлекеттік сорт сынау учаскесі.
Сорт сынау учаскесіне тұрақты жер
телімі бөлінген. Сондай-ақ, ауыспалы

егістік енгізілген. Арнайы техникалар
мен қойма алаңы да бекітілген. Барлық
жұмыс мемлекеттік комиссия бекіткен
бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кезеңде 2026-2027 жылдарға
күздік жұмсақ бидайдың 23 сорты,
қатты бидайдың 2 сорты, күздік арпаның 4 сорты, қара бидайдың 4 сорты себілді. Көктемде жаздық дақылдардың
10 сорты себілетін болады. Екі жыл
сынақтан кейін сапалы, жоғары өнімді
суыққа, құрғақшылыққа төзімді сорттар
анықталып, аудандастыруға ұсынылады. Биылғы жылы күздік жұмсақ
бидайдың Аманат, Дулати, KIZ-90,
арпаның жалғас сорттары сапалы жоғары өнім беретін сорттар екені анықталып, аудандастыруға ұсынылды.
А.ИЛЬЕСОВ,
Т.Рысқұлов астық мемлекеттік
сорт сынау учаскесінің меңгерушісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий