38 ViewsКазахстан укрепляет позиции в мировом туризме: строительство Almaty SuperSki вышло в активную фазу Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу развития путешествий…
ЕҢБЕК – өмір тұтқасы
35 Views
БОЗКІЛЕМНЕН БАСТАЛҒАН
ӨМІР ЖОЛЫ
Серік Нұрманбетов балалар мен
жасөспірімдер спортының дамуына 34
жылдан астам уақытын арнаған. Спортқа
бала кезінен қызығып, кейін Қарағанды
қаласында белгілі жаттықтырушы
Александр Мыциктің жетекшілігімен
шыңдалды. Бүкілодақтық жарыстарда
бақ сынап, жинаған тәжірибесін
кейін шәкірт тәрбиелеуге жұмсады.
Әсіресе спорт саласы қиындыққа тап
болған тоқырау жылдарында оның
табандылығы ерекше байқалды.
Луговой ауылындағы спорт мектебінің
жұмысын тоқтатпай, өз қаражатына
күрес кілемдерін сатып алып, жас
балуандарды жарыстарға жеке көлігімен
апарды. Ол үшін бапкерлік жай ғана
мамандық емес, үлкен жауапкершілік
пен өмірлік ұстаным еді.
Серік Қайсарұлы жүздеген жастың
бойына спортқа деген сүйіспеншілікпен
қатар тәртіп, төзімділік пен еңбекқорлық
қасиеттерін сіңірді. Оның көпжылдық
еңбегі 2013 жылы жоғары бағаланып,
оған «Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген жаттықтырушысы»
құрметті атағы берілді.
ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – БАПКЕР
МЕРЕЙІ
Серік Қайсарұлы тәрбиелеген
шәкірттер бүгінде ел спортының
дамуына үлес қосып келеді. Олардың
қатарында Сидней Олимпиадасының
күміс жүлдегері Ислам Байрамуков,
халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Дәурен Тобыков, Расул Байрамуков, Азия ойындарының жүлдегері Бауыржан Бидайшиев бар.
Сондай-ақ, Хакім Мирзантов, Болат
Тәжиев, Асхат Тілекеев секілді спортшылардың қалыптасуына да осы
мектептің ықпалы зор болды. Бапкер
салған жолды шәкірттері де жалғастырып, кейінгі буынға тәлім беруде.
Оның өнегелі мектебінен нәр алған
ағайынды Әлішер мен Бейбарыс Ерғалидың жетістіктері де соның дәлелі.
Әлішер – Азия чемпионаттарының
бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан
чемпионы. Ал Бейбарыс U17 санатында
Азия чемпионатының екі дүркін қола
жүлдегері, U20 Азия чемпионатының
финалисі атанған. Серік Қайсарұлының
өмір жолы аяқталғанымен, оның өнегесі
мен тәрбиелеген шәкірттерінің жетістігі
арқылы қалдырған ізі жалғасын табуда.
Өйткені нағыз бапкердің ең үлкен жеңісі
– артында ізін жалғар шәкірттерінің
қалуы.
Өткен аптада еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Қайсарұлы
Нұрманбетовті еске алуға арналған V
республикалық турнир өтті. Турнирді
№25 балалар мен жасөспірімдер спорт
мектебінде еркін күрес бөлімінде
жаттықтырушы қызмет атқаратын
Серік Қайсарұлының шәкірттері және
ауданымыздағы спортқа жанашыр
азаматтар ұйымдастырды. Турнирдің
ашылу рәсімінде аудан әкімінің
орынбасары Бақкелді Тұрсынбек,
Серік Қайсарұлының бірге туған
бауыры Берік Қайсарұлы және
ауданымыздың Құрметті азаматы
Рахманәлі Әбдіқадыров сөз сөйледі.
Екі күнге созылған додаға еліміздің 10
облысынан 364 жас балуан қатысып,
8 спорт интернатының шәкірттері боз
кілемде бақ сынады. Қатысушылар
қатарында Азия чемпиондары мен
Азия чемпионаттарының жүлдегерлері
де бар.
Серік Нұрманбетовтің еске алуға
арналған арналған республикалық
турнир жасөспірімдердің спортқа
деген қызығушылығын арттырып қана
қоймай, олардың шеберлігін шыңдап,
халықаралық тәжірибе жинауына
мүмкіндік берді. Әсіресе көршілес
елдерден келген балуандармен бәсекеге
түсу жас спортшылардың жігерін
жандырып, алға қойған мақсатына
ұмтылуына жол ашты.
Айнұр АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.
