768 Views
Т.Рысқұлов ауданына жаңа оқулықтар жеткізілді. Бұл туралы аудандық білім басқарамасының басшылығы хабарлады. Жаңа оқу жылына оқушыларға қажетті арнайы кітаптардың барлығы сатып алынған.Биыл қайта басылып шыққан 1 сыныптар үшін барлық оқулықтар, 3 сынып оқушылары үшін Ақпараттық технология, 7,8 сыныптар үшін информатика оқулықтары, 2-11 сынып оқушылары үшін жетіспейтін оқулықтар, көркем әдебиет жеткізілді.Ең басты жағымды жаңалық-1 сыныптар үшін “Әліппе”, “Букварь” оқулықтарының сатып алынуы! Енді 1 қыркүйекте барлық балалар тиісті оқулықтарын алады деп күтілуде.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: