23 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қоғамдық қабылдау өткізді
590 Views
Өткен аптада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарын жеке сауалдарымен қабылдады.
Бірден айта кетейік, бұл жолы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің ауқымы өте кең болды. Тұрғындарының басым бөлігі жер телімі мен шаруа қожалығын рәсімдеу, дәрі-дәрмек алуға көмектесу және порталға кезекке тұру, жайылым, тұрғын үй кезегі сынды сауалдармен қайырылды. Сондай-ақ, аталмыш қоғамдық қабылдауда баспана мәселесі де кеңінен қаузалды.
Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерболат Салқынбекұлы өзіне қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауда болатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

