Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Кеше облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков киелі Құлан жеріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандардың
отқазандықтарын аралап көрді. Ең алғаш Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп лицейіне (аталмыш білім ордасы алдағы уақытта осылай аталатын болады) бас сұққан облыс әкімінің орынбасары мектеп отқазандығының жаңа маусымға дайындығы туралы сөз қозғап, бірнеше ескертпелер айтты. Жалпы, бүгінгі күні аудан аумағындағы 39 мектептің 13-і газбен, 24-і
көмірмен, 1-еуі сұйық отынмен (яғни соляркамен) жылытылады екен. Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаровтың айтуынша
барлық білім беру мекемелеріндегі отқазандықтар ревизиялық тексерістен өтіп, гидравликалық сынақтар толығымен жүргізілген. Бұл дегеніңіз -жаңа жылу маусымында ешқандай кедергілер туындамайды деген сөз.
Бұдан соң, Бекболат Орынбековтың қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының жылу
энергетика кәсіпорындарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік сала нысандарының 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы алқалы жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі Асқар Қырықбаев пен оның орынбасары Бейсенбек Әлпейісов, сондай-ақ, қос ауданның бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Аталмыш басқосуда облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев бағдарлы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде көмір тасымалдау бойынша аудандағы мәдениет пен денсаулық сақтау саласында бірқатар олқылықтардың туындап отырғанын жасырмады. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселе бойынша тиісті сала басшыларының жауабын тыңдап, жауапкершілікпен жұмыс жасау керектігін ескертті.
Марат ДИХАНБАЙ.