Жемқорлық – жегі құрт

1 262 Views

XXI ғасырдың басты індетіне айналып, қоғамға қасірет орнатқан – сыбайлас жемқорлық. Халықтың барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы іс-қимылдар жү­зеге асып келеді. Сонымен қа­тар, Қа­зақстан осы мәселе жөніндегі ха­лық­­аралық конвенция­ларға қосылған ал­ғашқы мемлекеттердің бірі болып та­былады. 2014 жылы «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының 2015-2025 жылдарға ар­налған сыбайлас жемқорлыққа қар­сы стратегиясы» қабылданды. Жемқорлықты жеңу – Қазақстан үшін Президентіміз нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті, Мемлекет басшысы өз Жолдауында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атап көрсетті. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз. Әрбір қоғамның даму барысында күнегей жоғымен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, эко­но­миканың жоғарғы деңгейге жетуін, халықтың демографикалық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде, басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сы­байлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр­ғандығы шындық. Сондықтан сы­байлас жемқорлыққа қарсы мәде­ни­еттің қалыптас­тырылуына оқу орын­дарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұрпақ­тың санасында жемқорлыққа де­ген төз­беушілік сезімін айтуымыз керек. Ел ертеңін қалыптастыратын жа­лын­ды жас­тар ретінде, аманаттың ауыр жүгін арқалай отырып, санаға серпіліс, қоғам­ға өзгеріс орнатайық.

Е.Бекнұрманов,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының
Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің маманы.

Поделиться ссылкой: