Жағдай тұрақталып келеді

370 Views

Бүкіл әлеммен қатар Қазақстан Республикасы да екі жыл бойы коронавирус инфекциясы бойынша қажетті іс-шаралар кешенін белсенді түрде жүргізіп келеді.
Қазақстанда коронавирус инфекцияның алғашқы жағдайлары 2020 жылғы 13 наурызда тіркелген болатын және соңғы екі жыл ішінде елімізде сырқаттанушылықтың таралуын болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап Ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылдады. Екі жыл ішінде біз сырқаттанушылық 1 айдан 3 айға дейін созылып, 5 рет көтерілді. Бұл ретте сырқаттанушылықтың әрбір көтерілуі алдыңғы сырқаттанушылықтан жоғары болды.
Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Күн сайын 100-ге жуық жағдай тіркеледі.
Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек. Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына өз септігін тигізеді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: