Нысан пайдалануға берілді

502 Views

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны белгілі. Соның нәтижесінде қазіргі таңда жаңа спорттық нысандар қатары жыл санап көбеюде.
Наурыз мерекесі қарсаңында Луговой ауылында әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешені ашылып, пайдалануға берілді. Аты аталған нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып, бүгінде аталмыш ауылдың 17 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы аудан бойынша барлығы 177 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 2 спорт кешені, 1 стадион, 101 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 47 спорт зал және 5 басқа да спорт нысандары. Барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және оны ауыл халқы ақысыз пайдаланады. 2021 жылдың 12 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 35,0 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш 22 842 адамға тең.
Ауыл тұрғындарының қуанышымен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев бөлісіп, құттықтады.
Айта кетейік, аудандық атқамінерлер алдағы уақытта дәл осындай спорттық-сауықтыру кешендерін Ақыртөбе, Көгершін, Жаңатұрмыс және Р.Сәбденов ауылдарында салуды жоспарлап отыр.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: