Көше жарығы қалыпқа келтірілді

1 462 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасы біздің ауданда өз деңгейінде орындалып келеді. Оған аудандық атқамінер азаматтардың, округ әкімдерінің және де қоғамдық кеңестердің бірлесе атқарған жұмыстары айқын дәлел бола алады.

Сәуір айының басында аудандық Қоғамдық кеңеске тұрғындар тара­пы­нан арнайы хабарлама келіп түскен болатын. Аталмыш құжат­та Құлан ауылының көшелеріне орна­тылған диодты шамдар тұрақты түрде жанбай­тын­дығы және кейбірі мүлдем істен шыққаны туралы айтылған.
Өтініш негізінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Атабаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Олардың қатарына Ертіс Тұғылшиев, Доқтыралы Үрпеков, полиция лейтенанты Нұрсейіт Баймұханбетов сынды азаматтар мүшелікке кіріп, көшелерге 4 рет рейд жүргізді. Рейд барысында кемшіліктер анықталып, Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаровқа бірқатар ұсыныстар берілді. Аздаған уақытты араға салып, ауыл әкімі аталмыш олқылықтарды ретке келтірді. Осы үшін де оған шексіз алғыс айтамыз.
Айта кетейік, алдағы уақытта өзге де көшелердің жарығы аудандық Қоғамдық кеңестің бақылауында болады.

«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой: