Бірлік түбі – тірлік
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақы қалпымызда, ұлттық салтымызда өскелең ұрпақты ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеп, өз Отанын сүйіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат қылып тәрбиелеуге баса мән беріледі. Осы орайда 2022 жылдың 15 сәуірінде Құлан мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтары Гүлжамал Асилова, Гүлзат Туребекова «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты іс-шара ұйымдастырып, қазыналы қарттарымыздың үйіне барып, үй шаруасына көмек көрсетіп, қолғабыс қылып қайтты.Аталған іс-шараға Құлан мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтарымен бірге 8 сынып жетекшілері Мақпал Нұрмағанбетова, Арайлым Жантақбаева бастаған ұстаздарымыз да оқушыларымен бірге атсалысты. Ауылымыздағы жалғызбасты қарт анамыз Ауғанбаева Роза апамыздың үйіне барып, хал-жағдайын сұрап, үй тірлігіне қолғабыс қылып, қазыналы қартымыздың батасын алып қайтты.
«Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы» дегендей, Құлан мектеп-гимназиясында жылма-жыл қайырымдылық, қамқорлық іс-шаралары ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдерімен ортақ іс-шаралар жасалып тұрады
Ф.Арыстанбеков,
Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.