Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Халқымыздың тарихының терең қойнауларынан бастап, бүгінгі заманға дейінгі әрқилы тайғақ кешу кездерінде небір қилы шайқастарда, ұрыс даласында ел тағдыры, ұлт азаттығы, кең байтақ жерінің тұтастығы үшін, ер азаматтардан қалыс қалмай, ерекше қайсарлықпен жауға қарсы атой салған қазақтың қаракөз қыздарының рухы қашанда биік. Есімдері елге танылған қазағымыздың батыр аналары мен қыздары жайында ел аузында сақталған аңыз әңгімелерден, хатталған жазбалардан білеміз. Сонау дәуірдегі Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс, Назым, Баян сынды қазақтың батыр қыздарының туған елге деген махаббаты мен өмірді танып білуі өскелең ұрпаққа үлгі болары хақ. Бүгінде ерен ерлігімен тарих беттерінде есімі алтын әріппен өрілген, шығыстың шолпан жұлдызы атанған, қазақтың қаһарман қызы М.Мәметоваға 100 жыл толып отыр.Сан мыңдаған азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихта орны орасан. Бес жыл бойы дүниені дүр сілкіндірген соғыста қазақтың қаршадай қызы жанқиярлық ерліктер жасады. Әлемге даңқы шыққан қазақ қызы жұмыр жердің бетінде небәрі 21 жыл өмір кешкен еді. Міне, бүгінде сол қазақтың қаракөзін «Совет Одағының Батыры» деп танимыз. Өзінің қысқа ғана ғұмырында жауынгер Мәншүк, артына өшпес із қалдырып, небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосып, ерлік көрсетті. Біздердің бүгінгі таңда бейбіт өмір кешуіміз осындай апаларымыздың қайсарлығының арқасында деп білемін. Қазағымның келер ұрпағының бойынан қайсарлық та, өжеттік те, даналықтың да табыларына кәміл сенемін. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан да, ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшыда, әнші де бар. Осындай батыр қыздарымыздың бірі де, бірегейі – Мәншүк. Мәншүк есімі әрқашан жадымызда қалмақ. Мәншүктей жауынгер апаларымыздың рухы қолдап, келер ұрпақтың есімдері әлемге таныла берсін!
А.Оразбаева,
«Тілдерді оқыту» бөлімшесінің штаттан тыс мұғалімі.