АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

27 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық
еткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның
әлеуметтік-экономикалық дамуына
қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша
аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Досмұханбет Жанәділов жайылым жерлерді
тиімді пайдалану және пайдаланылмай жатқан
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді
мемлекет меншігіне қайтару бағытында
атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама
жасады.
Баяндама барысында жайылым жерлердің
қ о л ж е т і м д і л і г і н қ а м т а м а с ы з е т у , з а ң
талаптарына сәйкес игерілмей жатқан жер
учаскелеріне мониторинг жүргізу, сондай-ақ
жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша
атқарылған жұмыстар кеңінен таныстырылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман
Мамырбаев «Отбасының цифрлық картасы»
жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар
жөнінде баяндады. Баяндамашы цифрлық карта
арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын
бағалау, мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж
отбасыларды анықтау және оларға әлеуметтік
көмекті дер кезінде көрсету бағытында
атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Аппараттық кеңес барысында аудан әкімі
көтерілген мәселелердің маңыздылығына
тоқталып, жауапты бөлім басшыларына нақты
тапсырмалар берді. Әсіресе жайылым жерлерді
тиімді пайдалану мен заң талаптарына сәйкес
пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет
меншігіне қайтару жұмыстарын күшейтуді,
сондай-ақ, «Отбасының цифрлық картасы»
жобасы бойынша мәліметтердің өзектілігін
қамтамасыз етіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж
азаматтарды анықтау бағытындағы жұмыстарды
жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий