Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
«Құрметті әріптестер!
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, маусым айының 5-ші жұлдызында «Республикалық референдум» өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, референдумға дайындық пен оны өткізу орталық, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларына жүктелген, ал олардың функциясын орындаушы сайлау комиссиялары болып табылады.
Референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына, облыс бойынша 12 аумақтық сайлау комиссияларының 84 және 492 учаскелік сайлау комиссияларының 3748 мүшелері қызмет көрсетеді деп күтілуде.
ОСК-ның арнайы бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес, облыста аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында даярлық жұмыстары басталып кетті.
Қазір бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 24 және ҚР «Республикалық референдум туралы» заңның 25-баптарына сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың (сайлаушылардың) тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар сайлаушылардың тізіліміне енген азаматтардың нақтыланған тізімі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 688001 болып отыр. Ендігі жерде сайлаушылар тізіміне нақты түзетулер сәуір-мамыр айларындағы азаматтардың көші-қон миграциясының динамикасына және азаматтардың берген арыздарына сәйкес жүргізілуі керек.
ҚР ОСК 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/196 «Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары» туралы қаулысына сәйкес, сайлаушылардың тізімін салыстырып тексеруді ҚР ОСК «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлінген байланыс арнасы арқылы аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданатындығы айқындалған.
Сондықтан, жергілікті атқарушы органдардың алдында референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдармен жасалынған тізімдерді нақтылау міндеті тұр.
Екінші мәселе: сайлау учаскелерін заң талаптарына сәйкес жабдықтау және референдум комиссияларының бос орындарын толықтыру туралы.
Облыс бойынша 492 референдум учаскесі құрылған, оның 361-і мектептерде орналасқан, сондықтан мектептерде жөндеу жұмыстарын референдум өткізілетін айда уақытша тоқтата тұру керек.
ҚР «Республикалық референдум туралы» заңның 8-бабының 1-тармақшасына сәйкес, референдум әзірлеу мен өткізуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебінен жұмсалады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төмендегі шығыстар жабылады:
сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен олардың қызметіне төленетін жалақы;
сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайды жалға алу, іссапар шығыстарына, ақпараттық материалдарды дайындау.
Ал, үгіт материалдарын қоғамдық ұйымдар даярлайды. Бұл жерде ескеретін бір мәселе бар, ол үгіт материалдарды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәліметтер болуға тиіс.
Бұқпантай үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Жалпы, заң талаптарына сәйкес, (18-39-48-бап, 2-1; 8-бап, 2т) мемлекеттік және жергілікті органдар референдум учаскелерін телефон, интернет байланыстарымен, электр энергиясының қосымша көздерімен, сумен, компьютерлік техникамен, өрт қауіпсіздігінен, санитарлық нормаларды сақтау және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және олар дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде кедергісіз кіруіне, дауыс беруіне жағдайлар жасаулары тиіс. Референдум өтетін мекен-жайларда пандустар, тактильді жолақтар орнатылуы тиіс.
Сол сияқты қала, аудан орталықтарында колл-центрлердің жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
(колл центр-оператор тізімнің базасы жергілікті атқарушы органдарда)
Сайлау учаскелерін жабдықтау барысында сайлау учаскесінде дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы кабиналар жасақталынып, ҚР ОСК бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Аумақтық комиссиялар: тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында референдум туралы заңның орындалуына бақылауды жүзеге асырады, учаскелік комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және олардың материалдық-техникалық камтамасыз етудің жай-күйін бақылайды. ( 22-бап.)
БАҚ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен пресс-конференция, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың байқаушыларымен кездесулер өткізеді, кездесу барысында референдум алды даярлық жұмыстарымен таныстырылып, референдум туралы заңнан туындайтын нормативтік актілерге түсініктеме береді.
Учаскелік комиссиялар: 23-бапқа сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді қамтамасыз етеді.
Яғни, учаскелерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтайды, азаматтарды референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімімен таныстырады және нақтылаумен айланысады. Азаматтарды дауыс беретін күнін, уақытын, учаскенің орналасқан мекен-жайын және оның тәртібі туралы хабардар етеді, учаскеде дауыс беруді ұйымдастырады және т.б.
Ал енді, референдумның қорытындысының нәтижелі болуы, азаматтарымыздың республикалық референдумға қатысуында екендігі белгілі.
Сондықтан, референдумға енгізілген мәселелерді халыққа түсінікті етіп жеткізу үшін үгіт-насихат жұмыстарын пәрменді түрде ұйымдастыру керек.
Референдум күні қалаларда, елді мекендерде белгіленген маршруттағы автобустардың қозғалысын реттеу керек.
Сайлау учаскелерінде көпшілікті тартатын іс-шаралар ұйымдастырылуы керек».
Жамбыл облыстық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Садубаев, облыс әкімінің көмекшісі М.Мәтен, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Б.Шыналиев, облыстық референдум комиссиясының (облыстық сайлау комиссиясының) мүшелері, аумақтық референдум комиссиясының (аудандық сайлау комиссиясының) төрағалары және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары қатысты.
Сондай-ақ, комиссия отырысында облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мәдиева 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы және ақпараттандыру туралы баяндама жасады.
Облыстық референдум комиссиясының мүшесі С.Қойшыбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарды референдумға қатыстыруға жағдай жасау туралы баяндама жасады.
Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде «COVID-19» коронавирус инфекциясының алдын-алу жөніндегі шаралар туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Б.Шыналиев баяндама жасады.
Облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы референдумды ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде азаматтардың құқықтары мен заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесін көтерді.
Облыс әкімінің көмекшісі М.Мәтен республикалық референдумды ұйымдастыру туралы, нақтырақ, республикалық референдум туралы конституциялық заңды халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы, облыстық штаб мүшелері аудандарды аралап, халықпен түсіндірме кездесулер өткізетіндері жайлы және желілік кестеге сәйкес жұмыс атқарылатыны туралы баяндады.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
«Құлан таңы» ақпарат.