Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, әуелі аудан ардагерлерімен кездесті. «Амаnат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатбек Арыстанбековтің модераторлығымен өткен кездесуде көп мәселе айтылды.
Мәжілісмен Мейрамбек Мылтықбайұлы өз сөзінде «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі ел басқару ісіндегі бағыт-бағдары мен «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты 5-ші маусым күні елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумның мәні мен мазмұнына айрықша тоқталды. Және осы жалпыхалықтық референдумнан жұртшылықты қалыс қалып қоймауға шақырды.
Бұдан соң, кездесу сұрақ-жауап форматында өрбіді. Еркін пікір алмасу болған соң, Райзо Шәділбеков, Бейсенбай Таңбаев секілді ардагерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Ардагерлер қойған сауалға халық қалаулысы тұшымды әрі нақты мысалдармен жауап берді. Содан соң, Мейрамбек Мылтықбайұлы аудан жастарымен кездесті. Жастар да халық сайлаған депутатқа өз ойларында жүрген сауалдарын қойды. Кездесуде жастар тәрбиесі жайлы оябы бөлек сөздер айтылды. Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген жастардың да 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда дауыс беру – аса маңызды екендігін айтты.
Марат Жолдасбекұлы.