Сала мамандары тәжірибе Жинақтады

617 Views

Сала мамандары тәжірибе Жинақтады

Жуырда Құлан ауылшаруашылық колледжінде аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының арасында 2 күндік оқу-әдістемелік жиыны болып өтті. Облыс әкімдігінің білім басқармасы себепші болған игі шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Мадияр Байжанов, колледж директоры Жұмакүл Бүкірова, облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Ізбасар Есболов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшарт бойынша әскер қатарына жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы, капитан Тауржан Жұмағұлов пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Талғат Тастемиров қатысты. Айта кетейік, жиын облыс әкімдігі білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқандықтан оған әр ауданнан жоғарыда аталған маман иелері келген болатын.

Алдымен келген қонақтарға өзі басшылық жасап отырған оқу ордасының тарихы туралы баяндап өткен Жұмакүл Оңғарбайқызы бұл жиын Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жалпыұлттық мақаласы шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айтты. Одан кейін сөз сөйлеген полковник Мадияр Мұқашұлы мен облыс әкімдігі білім б а с қ а р м а сының оқу-ә д і с т е м е л і к кабинетінің ә д і с к е р і І з б а с а р Нұртазаұлы 2 күндік жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Содан соң, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандар Сейтімбетов ҚР «Азаматтық қорғау» туралы заңы, сондай-ақ, тұрғындарды азаматтық қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикасының негізгі межелік-құқықтық актілері және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұдан бөлек, Құлан ауылшаруашылығы колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Мәди Исақұлов, Ақыртөбе және Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептерінің алғашқы әскер дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары Вилл Баязитов пен Данияр Топаев жастар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында мағыналы дәрістер өткізді.

Жиынның екінші күні келген қонақтар әскери горнизонға барып, әскери бөлімнің қару-жарағымен және техникасымен танысты. Сонымен қатар, №03811 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері “Калашников” автоматы мен қол пулеметін бөлшектеу және құрастыру, қару және оқтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары, жарықшақты қол гранаталарының мақсаттылығы мен әскери қасиеттері сынды тақырыпта тәжірибелік сабақ өткізді. Бұдан кейін, ілкімді шара мәдени және спорттық додаға ұласып, әскери оқытушы-ұйымдастырушылар волейбол, шағын футбол және патриоттық ән орындау бойынша сынға түсті. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтармен қоса алғыс хаттар табыс етілді. Жиын соңында отставкадағы полковник Мадияр Мұқашұлы барлық қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой: