Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: кеше, бүгін, ертең

382 Views

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейінің жоғарылауымен тікелей байланысты. Өкінішке орай, қазіргі уақытқа дейін елімізде тұтынушылардың құқықтары төмен деңгейде қорғалуы байқалған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік және талдаушылық зерттеулерге қатысқандардың 79%-ы уәкілетті органның әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттігінің жоқтығы – басты себептерінің бірі екендігін айтты.
2020 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған сәйкес, қазіргі кезде тұтынушылардың құқығын қорғау үш сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда тауарды немесе қызметті сатып алу орнында сатушымен ауызша түрде мәселеңізді айтып сөйлесіңіз. Егер мәселеңіз ауызша келіссөздер арқылы шешілмесе, онда сатушыға жазбаша түрде наразылықпен жүгінуіңіз қажет.
Сатушы (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Күнделікті өмірде тұрғындар тауарлар мен қызметтерді сатып алады және көбіне олардың төмен сапасымен немесе сатушылар тарапынан әділетсіз іс-әрекеттер немесе тұтынушылардың басқа да құқықтары жиі бұзылуы орын алады. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі (әрі қарай — Жүйе) енгізілді. Бұл Жүйе тұтынушылардың шағымдарын қабылдау, қарау, оларды жүйелеу және тіркеу процестерін автоматтандыруға арналған.
Жүйе «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, шағымдарды тіркеу және қарау үшін тиісті органға жіберу процесі оңтайландырылған. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін Жүйеде әр түрлі қызмет түрлеріне және шағымдану себептеріне байланысты, стандартты өтініштер нысандары енгізілген.
Жүйеге кіру www.e-tutynushy.kz веб-сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 421 тұтынушы Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүгінген.
Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті былтыр жеке және заңды тұлғалардың 788 өтінішін қарады. Олардың дені бөлшек саудаға тиесілі. Сонымен қатар тұрмыстық қызмет көрсету саласына қатысты шағымдар көп. Жоғарыдағы көрсеткіш 2020 жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге артқаны байқалады. Оның ішінде 531 тұтынушылардың өтініштері қанағаттандырылған (67,4%). Нәтижесінде, шағым иелеріне 18 788 877 теңге қайтарылды және 80 тұтынушы сапасыз тауарларын айырбастаған.
Департамент бақылау-қадағалау функцияларын енгізу кезеңінде азаматтардың өтініштері бойынша ірі және орта бизнеске 13 тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде 10 әкімшілік айыппұл салынды.
Жаңа заңнамаға сәйкес алты айдан астам жұмыс істегеннен кейін, алғашқы нәтижелерді алған және қабылданған шаралар тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының талаптарын бұзу мен міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз деген қорытындыға келген тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасына консультативтік-кеңес құжаттарын әзірледі. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының қарауына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 190-бабының бірінші бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) жатады. Бұл ретте, ішкі істер департаменті өз құзыреті щегінде көптеген істердің жүктелуіне байланысты ӘҚБтК-нің 190-бабының 1-бөлігінде көзделген қалдық қағидаты бойынша қарайды.
Сондай-ақ, өте тиімсіз (ескерту) ӘҚБтК-нің 190-бабының 5-бөлігінде көзделген жауапкершілікке тартылады. Осыған орай, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылық қасиеттерін немесе сапасын немесе тұтынушылардың өзге де алаяқтығын өлшеу, таразылау, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына беру ұсынылады. Осы мақсатта қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға түзетулердің екінші пакеті бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға жоспарланған өзгерістер тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға тауарларды өткізетін немесе олар үшін жұмыс жасайтын, не қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тәртібін жақсарту, сондай-ақ, ішкі нарықта ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты қате есептеулер, бұрмалаулар үшін телефон арқылы сөйлесуге болады: 8-7262-54-21-69.

Жамбыл облысы әкімдігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

Поделиться ссылкой: