Ботулизмнің алдын алу
33 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Ұнды Қазақстанда фортификациялау халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Фортификация дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерінде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді минералды кешен) қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғарғы және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары,фолий қышқылы мен В тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.Фортификацияланған ұнды сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды. Осыған орай, 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды.
Жалпы, бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс болса, ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім. Осы себепті бидай ұнының жоғарғы және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы әрі экономикалық жағынан тиімді.
Адамның денсаулығына қаупі бар проблемалардың бірі – ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Мұның соңы анемияға әкеп соқтырады. Ал, анемиясы бар әйелдердің 30-40 пайызы аз салмақтағы балаларды жиірек босанады. Тіпті, барлық жүрек-қан тамыр, иммундық, эндокриндік жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылып, нәрестенің дамуындағы ми жарығының пайда болуына әкеп соқтырады. Ал, балаларда дене бітімі дамуының жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторлардағы тұрақтылықтың нашарлауы орын алады.
Әр адамның денсаулығы – өз қолыңда. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп» фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніміз дұрыс.
Ж.ДИдаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.