Дауды сотқа дейінгі шешу мәселелері талқыланды

337 Views

Адам.Қоғам.Заң.

Тұрар Рысқұлов ауданында әкімдік алаңында Билер кеңесімен өзара әрекеттесу және медиацияны дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуге сот төрағасы А.Замбаев, аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев, Билер кеңесінің мүшелері мен ардагерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов ашып, медиация дәстүрін жаңғырту дауды шешудің тиімді жолы екенін атап өтті.
Кездесу барысында А.Замбаев сотқа дейінгі татуластыру институтының міндеттері мен мақсаттарын түсіндіре отырып, Билер кеңесі қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға үлес қосатыны жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, спикер пилоттық жоба аясында отбасылық соттардың заманауи сот төрелігі жүйесіндегі рөлі мен жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады.
Соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, проблемалық мәселелерді және өзара әрекеттесу механизмін талқылады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: