Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Адамдарға сарып ауруының жұғуы мал шаруашылығында жұмыс істейтіндердің тазалық шараларын жетік білмеуінен, малдармен жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдайдың жасалмауынан, осы жұмысқа уақытша қамтылатындардың санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтамауынан орын алады. Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру түрі. Аталмыш ауру, көңде – 75 күнге, жерде 3 айға, қойдың жүнінде 3-4 айға, сүтте 20-70 күнге дейін сақталады. Бірақ, қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.
Сарып ауруы қалай жұғады? Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар болып табылады. Жануарларда бұл ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады. Ал, адамдар ауруды осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін (сүт, қаймақ, ірімшік, сары май т.б.) қолданғанда, тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда, мал сойғанда, жүн қырқу) жұқтырып алады. Десек те, бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.
Ал, жіті бруцеллез қалай өтеді? Ауру жұқтырғаннан кейін аурудың бірінші белгілері 1-3 аптада білінеді, кейде бірнеше айдан кейін ауру біртіндеп басталады. Қызу 37°-тан 39-40°-қа дейін көтеріліп, 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді. Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындары ауырады. Осы орайда ескере кететін жайт, созылмалы бруцеллез белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда аздап қызу көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену-қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, негізінде ірі буындар және омыртқа (бел-сегізкөз) буындары мен омыртқасы қозғалысы шектеліп, ауырсыну пайда болады. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік). Ал, созылмалы белсенді емес бруцеллез – асқынусыз айлап, жылдап жүре беретін ауру. Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындардың түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер орын алады.
Бруцеллезбен ауырғанда өлімге әкеп соқтыратын жағдайлар аз. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, адам ауру салдарынан (буын қозғалысының шектелуі) еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Бірақ, бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.
Бруцеллездің алдын алу – бұл ауылшаруашылығы малдарының бруцеллезімен күресу және оларды күтіп-баптаудың ережелерін сақтау. Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарарсыздандыру, ет, сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3 ай ұстау.
Сондықтан мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтары тазаланып, 20 хлор әгімен, 5 сабын креозол қоспасымен, 2 формальдегид ерітіндісімен зарарсыздандырылуы керек. Сонымен қатар жеке шаруашылығындағы мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап жылына 1 рет алдын алу тексеруінен өтулері керек.
К.Кабираева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.