Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

13 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов «Amanat» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға Қарақыстақ және Құлан ауылдарының тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қабылдау барысында тұрғындар жер теліміне қол жеткізу, орталық көшелердегі жол белгілеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ, электр желілеріне кедергі келтіріп тұрған тал-дарақтарды бұтау мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін табуы үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтып, ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың көкейіндегі мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Ашық диалог пен өзара түсіністік қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің негізі екені анық.

«Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий