Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
5-ші маусым күні елімізде бүкілхалықтық референдум өтетіндігі белгілі. Осы саяси һәм жауапты науқанға байланысты ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Орталық референдум комиссиясының өкілдері, көптеген қоғамдық бірлестік жетекшілері аталмыш саяси қадамның «Жаңа Қазақстанды» құруға негіз болатын фактор екенін тілге тиек етіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығыда баршаға аян.
Сәрсенбі күні Орталық референдум комиссиясының электоралды оқытуын ұйымдастыру бөлім басшысының орынбасары Рыспеков Түсіп Жетенұлы, Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, сайлау учаскелеріндегі дайындық жұмыстарының деңгейін зерделеді. Өз кезегінде аудандық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Тілепов келген қонақтарға аудандағы сайлау учаскелерінің төрағалары мен төрайымдарына референдумды даярлаумен өткізу жұмыстары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тиісті шаралар атқарылғанын атап өтті.
Түс мезгілінен соң Түсіп Жетенұлы мен Сара Қабылбекқызы Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте өткен 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған референдум ұйымдастырушыларын оқыту бойынша семинар-кеңеске қатысты. Аталмыш семинар-кеңесте сайлау мәдениетін арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасау туралы пайымды пікірлер айтылып, келген қонақтар семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға дәйекті мысалдармен жауап берді.
Марат Жолдасбекұлы.