Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
38 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Жамбыл облыстық референдум комиссиясы республикалық референдумды даярлау және өткізу туралы бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараға референдум комиссиясының мүшелері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, референдум учаскелеріне кедергісіз кіруі және оның дауыс беруі үшін жағдайлар жасау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Бұл топтағы азаматтардың берген ұсыныстары талқыланды.
Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Жамбыл облыстық референдум комиссиясы.