Теміржол – қауіпті аймақ

891 Views

Жамбыл жол дистанциясы ПЧ-51 мекемесінің басшылығы төмендегідей жайттарды аудан халқына хабарлайды.
Теміржол – өте қауіпті аймаққа жатады. Сондықтан теміржолдың айналасында малды бос жіберуге болмайды. Сонымен қатар, балалардың теміржол үстінде ойнауына, теміржол торабының бөлшектерін ағытуға, ұрлауға тағы болмайды. Ол қылмыстық әрекет болып саналады. Сондай-ақ, көлік жүргізушілері теміржол өткелінен өткен кезде ондағы бағдаршамға мұқият болуы керек. Әрине, мұның бәрі айтуға оңай. Десе де, біз үшін адам өмірі қымбат. Сондықтан ескертіп айту – бізге жүктелген міндет. Біз атаған жайттарға жауапкершілікпен қарап, заңға бағынғанымыз абзал, ардақты ағайын!

Н.Қалиев,
ПЧ-51 мекемесінің учаске бастығы.

Поделиться ссылкой: