Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Адам баласының мінезі де, істеген ісі де әр түрлі келеді. Мәселен, біреу сөзге шешен, бірақ, ісі мардымсыз болуы мүмкін. Ал енді біреулер сөзге жоқ, бірақ, істеген ісіне көңілің толады. Ал, сөзі мен ісі қабысатын, айтқан сөзін екі етпейтін адам баласы көп емес, меніңше. Еткен еңбегі көзге көрінетін, адамдармен тіл табысып жұмыс істей алатын, қарапайымдылығы адами болмысын айшықтап тұратын бір азаматтың есімін бөле жарып айтқым келеді. Ол – «Құлан – Энерго Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Қораласбаев Ержан Шамшабекұлы.
Мен осы Құлан ауылындағы Ақжайық, Сарыарқа, Қостанай және Каспий көшелерінің тұрғындары атынан Ержан Шамшабекұлына шын пейіліммен алғысымды білдіргім келеді. Осы көшелердің тазалығына мән беру қажеттігін айтып, алдына барғанмын Ержан Шамшабекұлының. Мәселені айтсаң, көп сөйлемейтін, шаруаны бірден түсінетін азамат екен. Менің айтқан ұсынысым бойынша тапсырма берді қызметкерлеріне. Өзі де сонда жүрді. Қысқасы, айтқан мәселе реттелді. Қазір сөз арасында мен атаған 4 көше күл-қоқыстан тазартылып, абаттанып тұр. Бір ауыз сөзімді жерге тастамай, інілік ілтипат көрсеткен, үлкендерді сыйлай білетін Ержан Қораласбаевқа тағы да зор алғыс айтамын. Басшы деген осындай болуы керек қой. Сөзге де, іске де бекем. Осы мекеменің жүргізушісі Жақыпбек Жұмағұловқа да ағалық құрметімді білдіріп, алғыс айтамын. Дендері сау болсын. Еңбектеріне жеміс, істеріне береке тілеймін.
Базарбай Қозғанбаев,
зейнеткер.
Құлан ауылының тұрғыны.