Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл тұрғындарына ашық, қолжетімді, сапалы және электронды түрде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, жер учаскесін алу үшін кезекке қою, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейінгі )жастағы балаларды кезекке қою, жер учаскесін қайта рәсімдеуге шешім беру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру сынды қызметтер кіреді.
Электрондық үкімет, бұл — мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі екендігі белгілі. Ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді.
Электронды қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚКО) электрондық кілт аштырып, USB-флешкаға салдырып, ауыл тұрғындары электрондық үкіметтің «egov»порталын пайдаланады. Ауыл әкімшілігінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және ауылдық кітапханада арнайы цифрландырылған ақпараттық орталық арқылы тұрғындар қажетті қызмет түрлерін алуына болады.
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі кодекс) сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүзеге асады. Жұмыс кестесі: Кодекске сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты.