Ағаш көшеттері отырғызылды
49 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан xалқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады. Президент Жолдауы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында экраннан көрсетілді. Бұл Жолдау елімізде жаңа саяси тәртіп құрудың негізі болмақ. «Қаңтар оқиғасы» деген атаумен тарихта қалған сындарлы сәттің өрбуі мен салдарын, себептерін арқау ету арқылы басталған Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. Президент өз Жолдауында елімізді күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерін іске асыруға бағытталған жоспарларын айтты. Әлемде болып жатқан геосаяси оқиғалардың әсерінен туындаған кризистік жағдайлар ел экономикасына, әлеуетіне қауіп төндірмеуі тиістігін ескертіп, қуатты ел құрудың негізгі бағыттарын атады. Атап айтқанда, ішкі саяси мәселелер, электронды сайлау технологияларын енгізу, ұлттық құрылтай құру, Конституциялық сот құру, Мәжілістегі депутаттық орынның жалпы санын қысқарту, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау секілді мәселелерді тілге тиек етті Президент.
Ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері де қамтылды жаңа Жолдауда. Биылғы Жолдау әкімшілік-аумақтық өзгерістерге алып келетін негізгі айшықты ойлармен де ерекшеленді. Тарихи тамырға сүйене отырып, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын екіге бөліп, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру туралы шешімі – халық күткен, көңілге қонымды іс болғалы тұр. Бұл – тек дәстүрлі сабақтастығымызды сақтау ғана емес, сол аумақтағы халықтың бүгінгі тұрмысына да айтарлықтай оң өзгеріс алып келері анық. «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысу – халқымызға ортақ міндет.
Енді жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолында бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастамасы.
С.Ускенбаев,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.