Ағаш көшеттері отырғызылды
49 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2022 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2022 жылдың 3 айында 13 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 13 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 121 тұлғаға қатысты 121 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 100 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 21-іс қысқартылған, оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 7 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 3 айында 141 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 75 іс бойынша шешім шығарылған. 26 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 19 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 18 азаматтық іс қысқартылып оның ішінде медиация тәртібімен 18 азаматтық іс қысқартылған. Соттылығы бойынша 3 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 11 мақала жарияланса, 3 «Дөңгелек үстел», 8 семинарлық сабақ, 1 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.