Несие дауы медиация тәртібімен реттелді

300 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен «Е.» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің жауапкерлер Б., Л., Е., К.-дан қарыз өндіру туралы азаматтық істі қарады.
2020 жылы талап қоюшы мен жауапкер К.-ның арасында 60 ай мерзімге 1 233 244 теңге көлемінде микронесие беру туралы келісімшарт жасалған.
Жауапкермен қарызды қайтару бойынша міндеттемелер орындалмаған. Кепіл шарты бойынша Б., Л., Е. кепіл болып табылғандықтан, несие бойынша тең жауапкер ретінде ортақ міндеттемелерді орындайды.
Істі қарау барысында тараптар сот медиациясы арқылы өзара тиімді келісімге келді.
Медиативтік келісім жасалып, оның шарттары бойынша жауапкерлер 2022 жылдың 10 сәуірінен бастап ай сайын 40 000 теңгеден 32 ай ішінде бөліп төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен аталған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: