АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті
Мекеме жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 20 сәуірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімі мен «Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» қызметкерлерінің бірлескен «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті.
«Ашық есік» күнін «Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры ашып, бүгінгі күннің негізгі мәселелеріне тоқталып, жалпы шолу жасады. Іс-шара өткізу барысында жеке және заңды тұлғаларды қабылдап «Архивтік анықтамасын» және архив құжаттарды негізге ала отырып, өңіріміздің даму процестерін архив құжаттары арқылы дәлелді, нақты цифрларға жүгіну керек екендігін және үкімет тарапынан архив анықтамаларын тегін алуға болатындығын атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына негізделеді және осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес архивтік құжаттардың көшірмелерін беру қызметі тікелей мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру кезінде қажет құжаттардың тізбесі:
1. Растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш (хат);
2. Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландыратын сенімхаты бар болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі.
Архив кеңсесінде құжат тіркелгеннен бастап он бір жұмыс күн ішінде архивтік анықтамалар мен архивтік көшірмелер дайындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды немесе қағаз түрінде.
Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде өткен «Ашық есік» күніне 30 жеке және заңды тұлғаларды қабылдап,олардың көкейкесті сұрақтары бойынша анықтама бөлімінің маманы архивист Г.Джайлаубаева жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері.