«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

334 Views

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес, «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қыз­мет­ке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ, соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тудыратын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап, 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық Департаментінің және облыс әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған.
Конкурс құжаттарын e.alibaev@zhambyl.gov.kz эл. поштасына жолдасаңыз болады.
Конкурсқа байланысты қосымша сұрақтар бойынша 2-14-98 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Поделиться ссылкой: