2022 жылдың қорытындысы бойынша үш жаңа облыста экономикалық көрсеткіштердің өсуі күтілуде

390 Views

нистрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Шараға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков та қа­тысты.
Әлібек Қуантыров атап өткендей, әкімшілік-аумақтық қайта құрулар 5 млн-ға жуық азаматтардың өміріне әсер етеді. Оның ішінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1,5 млн. адам тұрады.
«Облыс орталықтарының мәр­тебесін қайтарумен Семей, Жезқазған және Қонаев қалалары дамуға жаңа серпін алады. Бүгінде бұл қалаларда инфрақұрылымның тозуына, жол­дардың сапасына, көлік жүйесінің жай-күйіне байланысты проблемалар бар. Жаңа мәртебе инвестициялар ағынын ұлғайтып, жергілікті проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.
Мемлекет басшысының жаңа облыстарды құру жөніндегі бастамасы халық, жұртшылық, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар арасында қолдау тапты.
Үкімет барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Прези­денттің Жарлығын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 маусымында ұйымдастыру іс-шараларының жоспары қабылданды. Жалпы, жол картасы 27 іс-шараны қарастырады және ол шаралар орындалып жатыр.
«Жақын арада өңірлерде облыстық басқармалар құрылып, тиісті кадрлық тағайындаулар жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда Үкімет тиісті қаулы қабылдап, қосымша бірліктер бөле отырып, қайта құрылған және жаңа құрылған облыстар аумағындағы әкімдіктердің штат санының лимиттерін белгіледі», – деді Ә.Қуантыров.
Қазіргі уақытта жаңадан пайда болған облыстарда орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар құрылғаннан кейін өңірлер арасында бюджет пен коммуналдық меншікті бөлу жөніндегі жұмыс басталады.
Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қыз­меткерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттар бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғи­мараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қара­­жа­тының алдын ала көлемін анықтады.
«Алдын ала жалпы қа­жеттілік шамамен 12 млрд. теңгені құрайды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі ҚР бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралатын болады», – деді ведомство басшысы.
Министр жаңа өңір­лер­дің әлеуметтік-эко­номикалық көрсет­кіш­те­рінің күтілетін өсу қар­қынына да тоқталды.
«Абай облысы бо­йынша ЖӨӨ көлемі 2 трлн. теңгеге дейін, Жетісу облысында 1,1 трлн. теңгеге дейін, ал Ұлытау облысында 1,3 трлн. теңгеге дейін же­теді деп күтілуде. Жан ба­сына шаққандағы ЖӨӨ 2022 жылы Абай облысы бойынша 3,1 млн. теңге, Жетісу облысы – 1,6 млн. теңге деңгейінде болжанып отыр, ал Ұлытау облысы бойынша бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейде болжанып отыр және 5,5 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда», – деп нақтылады ол.
Бұл ретте алдын ала болжамдық есептер бойынша жаңадан құрылған Алматы облысы болашақта респуб­ликалық бюджеттің доноры болуы мүмкін.
«Жалпы, бұл облыстардың пайда болуы тек осы өңірлердің ғана емес, бүкіл ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», – деп түйіндеді Ә.Қуантыров.

primeminister.kz

Поделиться ссылкой: