Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Абдиров Жанадулла Барынұлы да Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Қазір ол өзінің курстасы Тимур Ильясұлымен бірге бір мекемеде қызмет етеді. Яғни, орталық ауруханада. Раушан Көшербекқызынан Жәкең туралы сұрағанымызда мақтауын келістірді енді. Кейіннен сөйлестік. Айтса, айтқандай-ақ екен. Білікті дәрігер екендігі әрбір мақамдап сөйлеген сөзінен көрініп тұрды.
– 2007-2012 жылдары жалпы медицинада, 2012-2014 жылы терапия бойынша интернатураны оқып бітірдім. Біз жоғары оқу орнында оқып жүрген кезімізде мүйізі қарағайдай профессорлар дәріс берді. «Ауруханаға адам жайдан-жай келмейді. Дерт жанына батқан соң келеді. Әр науқасқа жылы қабақ танытып, оны емдеу дәрігердің міндеті» дегенді сол кісілердің аузынан талай мәрте естідік. Яғни, адам өмірі «ойыншық емес» екенін студенттік кезден білдік. Оқыдық. Санаға түйдік. Әр науқаспен сөйлескенде, мен ылғи сол ұстаздарымнан естіген оябы бөлек ордалы сөзді қаперімде ұстаймын. Мамандыққа деген адалдық пен жауапкершілік менің қызметтегі басты принципім, – дейді бірінші санатты жалпы тәжірибелік дәрігер Жанадулла Абдиров.
М.ДИХАНБАЙ.