Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Келесі біздің кейіпкеріміз – Найманбаев Тимур Ильясұлы. Ол аудандық орталық аурухананың хирург-лор дәрігері. Қарапайым оқырманның ойына «Қатарынан екі бірдей қызметті алып жүру дәрігерге қиындық тудырмай ма?» деген сауал келуі мүмкін. «Қиындық емес, керісінше, жұмыста шыңдалуға үлкен мотивация» дейді дәрігердің өзі. Сөзімізге тұздық ретінде дәл осы жерде мына жайтты жаза кетуге тиіспіз. Раушан Көшербекқызы телефон соққан сәтте ол хирургия бөлімінде ота жасап жатқанын айтты. Жұмысын реттеп, кейіпкеріміз де бөлмеге келді. Тілдестік. Пікірлестік.
Тимур Ильясұлы да Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Яғни, сонда 2007-2012 жылдары жалпы медицина, ал 2012-2014 жылдары жалпы хирургия бойынша интернатураны бітірген. Тимур Ильясұлы 2014 жылы аудандық орталық ауруханаға қызметке орналасқан. Алайда, 2015 жылы әскер қатарына шақырылып, 2015-2017 жылдары 42062 әскери бөлімінде медицина қызметінің бастығы лауазымында еңбек етіпті. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң, яғни 2017 жылы аудандық орталық ауруханаға қызметке қайта орнығыпты. «Медицина қызметінің аға лейтенанты» деген шені де бар. Кейіпкеріміз әскери бөлімде еңбек етіп жүргенде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығынан «Үздік дәрігер» деген марапат та алған. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатын да иеленген.
– Біз үшін ең басты мәселе халықтың денсаулығы. «Студент кезімізде әр адамның денсаулығына дәрігер жауапты» деп оқытты. Осы сөз ешқашан қаперден шықпайды. Өзім Құлан ауылында туып өстім. Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің түлегімін. Туған жерге келіп қызмет етудегі мақсатым да сол. Құдайға шүкір, еңбегіміз еселеніп жатыр. Бірінші санатты дәрігер-хирургпын. Хирургия бөлімінің меңгерушісі Рубилов Валихан Жұмабайұлы бастаған әріптестерім болсын, жалпы аудандық орталық аурухананың басшылық құрамы да маған ерекше сенім білдіреді. Сенімдерін ақтап, жұмысыма адалдық танытып, жауапкершілікті бірінші орынға қойып, еңбек ету – парызым деп білемін, – дейді Тимур Найманбаев.