ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

348 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жұмыс жоспарына сәйкес Құмарық ауылының Жібек жолы көшесіне төселіп жатқан жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарымен танысты. Аталмыш жолдың ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы мердігермен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Ал тиісті сала басшыларына жұмыстың уақтылы және сапалы аяқталуы қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан басшысы Сәлімбай ауылына да ат басын бұр­­ды. Ондағы мақсаты – құрылысы қарқынды жүріп жатқан су іркуіш имаратының жұмысымен жақын танысу. Нысанның жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталатын болады. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп, ойдағыдай бітетін болса, ауыл аумағындағы 135 аула таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, биыл Сәлімбай ауылымен қатар Жаңатұрмыс және Қазақ ауылдары да таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Поделиться ссылкой: