Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
108 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Өткен аптада аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Көше кітапханасы» жобасы жүзеге асырылды. Тілге тиек ете кетейік, аталмыш жоба жуырда ғана қолға алынған болатын.
«Көше кітапханасы» жобасы аудандық, ауылдық кітапханалардың жаз айларындағы жұмыс жоспарын одан әрі дамытуды көздейді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау, ауыл тұрғындары мен өскелең ұрпақтың назарын кітап оқуға аудару.
Жоба аясында аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері кітап оқудағы оқырмандардың белсенділігін арттыру үшін «Жаңа кітаптар» атты жазғы оқу алаңын ұйымдастырды. Шарапаты мол іс-шараға аудан тұрғындары белсенді түрде қатысқанын да айта кетейік.

