Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне «Мал ұрлау» деген арнайы бап енгізілген.
Қылмыстық Кодекстің мал ұрлығына арналған баптың бірінші бөлігінде мал ұрлығының жазасы 9 млн 189 мың теңдеген басталып, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталады.
Екінші бөлігінде топпен және ірі көлемде жасалса, жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Үшінші бөлігінде бірнеше рет қора-жайға кіру арқылы жасаса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Төртінші бөлігінде топ арқылы аса ірі көлемде қылмыс жасаған адамның мүлкi тәркiленіп, он екі жылға дейiнгi бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сонымен қатар, мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар татуласа алмайды. Тиым салынған.
Аудандық сотта 2021 жылы мал ұрлықпен ұсталған 8 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 3 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. Ал, 2022 жылдың 3 айында мал ұрлықпен 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қаралып, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған.
Ұрлықпен өмір сүргенше, адал еңбекпен отбасымызды асыраған абзал.
Г.Орымбекова,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.