Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Ауданымызда балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ерекше балалардың қатысуымен «Бақытты, балғын балалық шақ» атты спорттық жарыс өтті. Жарысты «Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» ұйымдастырды.
Аталған жарыс спорттық эстафета түрінде өтті. Эстафетаға «Тұлпар», «Бәйтерек», «Барыс», «Сұңқар», «Жасұлан», «Қыран» секілді түрлі топтар қатысты. Әр топтағы ерекше балалар мен ата-аналар «Тез адымдау», «Сақина лақтыру», «Кеглиді соғу», «Шегіртке», «Көңілді шеңбер», «Сақинаны алға қою» секілді эстафеталық сайыстар бойынша бақ сынады.
Әлібек Терлікбаев, Майра Базарова, Ерлік Шабеев, Айнұр Баймұратова, Сәтжан Мамырбаев, Сұлушаш Оспанова секілді ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтар мен азаматшалар сайыстың әділ шешімін шығарып, қатысушылардың қабілетін бағалады. Аудан әкімінің орынбасары Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы «Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың ең елеулі тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, салауатты ұрпаққа байланысты», – деп балаларға білім мен тәрбиені қатар беру керек екенін, спортты да шетте қалдырмау жөн болатынын айтты.
Мәреге тұлпардай жүгірген балалар, балаларды риясыз қолдаған ата-аналар – сайыстың сәнін кіргізді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен отбасыларға мақтау қағазы үлестіріліп, арнайы сыйлықтар табысталды.
Жәнібек ҰЛЫҚБЕКҰЛЫ.