Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

222 Views

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай кеше аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, барша мемлекеттік қызметкерлерге ізгі лебізін жеткізді. Содан соң ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының және аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Содан кейін аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов пен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, есті әндер шырқалды.
«Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой: