Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
20 маусымнан бастап
www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды!
ТЕК ОНЛАЙН, БАНККЕ КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ!!!
Келесі санаттар бойынша әкімдікте кезекте тұрған азаматтар қатысуға өтінім бере алады:
– көпбалалы отбасы;
– мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
– толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).
Өтініш беру үшін:
– www.otbasybank.kz порталына кіру;
– логин (телефон нөміріміз) және құпия сөз арқылы кіру;
– «Банк бағдарламалары» қойындысында «Бақытты отбасы» бөлімін таңдап, «Толығырақ» батырмасын басу;
– «Өтінім беру» батырмасын басу, содан кейін «Әрі қарай» батырмасын басу;
– Келісімді растағаннан кейін «Қол қойдым» батырмасын басу керек.
www.otbasybank.kz порталында өтінімдерді қабылдау 19 шілдеге дейін жалғасады.
Барлығы екі тізім тағайындалады (19 — шілдеден кейін):
– негізгі тізім (бағдарлама бойынша өткен және банкке төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын қатысушылар);
– резервтік тізім (егер негізгі тізімдегі қатысушы төлем қабілеттілігін растай алмайтын болса немесе қатысудан бас тартатын болса, резервтік тізімнен келесі қатысушылар кезек тәртібімен төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын болады).
«Құлан таңы» ақпарат.