Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің тарабынан 2022 жылдың маусым айының 21 мен 24 күндері аралығында облыс аумағында «Борышкер – 2022» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқаны туралы хабарлаймыз.
Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция бөлімімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, облыстық қазынаға түсуін артыру, осы бағытта аудан тұрғындарына салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажетілігінің және осыған байланысты заңдылықты түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері туралы.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бап бойынша айыппұлдардың 50 пайыз сомасы ғана салынады. Егер де 7 тәулік ішінде айыппұл төленбесе, айыппұл 100 пайыз сомасы салынады. Сол үшін айыппұл салынған азаматтар 7 тәуліктен кешіктірмей, айыппұлды төлеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бап Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау.
Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнен бастап, отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзышылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлғаға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейінен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
894-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату;
Айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны сот, уәклетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшін оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұжымның әкімшілігіне жіберіледі. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзімде ұсталады.Айыппұлды өндіріп алу кезегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК 896-бабы яғни, Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы.
Айыппұл салынған қаулы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларға он тәулік ішінде жіберіледі.
Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл салу туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін мемлекеттік сот орындаушысына жібереді.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі
Әкімшілік полиция бөлімшесі.