Жаңарған мектеп – ауылдың сәні
Ауданымызда білім ошақтарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы жылы Қарақат ауылында орналасқан №2 орта мектептің, Құлан мектеп-гимназиясы мен Алғабас ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің келбеті өзгеше кейіпке еніп, жаңаша түрленбек.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов білім мекемелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мәселен, Қарақат ауылында орналасқан №2 шағын орталықты орта мектептің құрылысын көріп, мердігер компанияға жеке тапсырмалар жүктеді. Бұл білім ошағының шатыры, еден, жылу жүйесі толықтай жаңартылып, мектеп іші жаңа жиһаздармен толықтырылып, жабдықталатын болады.
Сонымен қатар, аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Құлан мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысына зер салды. Жұмыс барысында мердігер компанияның өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының жүргізілуі мен уақтылы аяқталуына байланысты тиісті бірқатар тапсырмалар берді.