Қазақстандық ет өнімін өңдеушілер Өзбекстанға экспортты ұлғайтатын болады

379 Views

Қазакстанның 19 мал шаруа­шы­лығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды. Тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қара­шөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді.
2022 жылғы 4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында Түркі агро-форумы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтті. Онда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өз­бекстан­ның Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің өкілдерімен кездесті. Та­раптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ өзара тиімді ынты­мақтастықты одан әрі нығайту ниет­терін пысықтады.
Е.Қарашөкеев қазақстандық тарап­тың Түркі мемлекеттері ұйымдары (ТМҰ) елдеріне отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті:
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ТМҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнім­дерінің экспорттық жеткізілімін ай­тарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Сон­дай-ақ біз терең қайта өңдеу тауар­ларын жеткізуді ұлғайтуға қызығу­шылық танытып отырмыз», – деді ми­нистр.
Бұған дейін тізілімге 37 қазақстан­дық кәсіпорын енгізілген болатын. Өзбек тарабына Қазақстанның ветери­нария жүйесіне толық шолу жасау қоры­тындысы бойынша ветеринарлық қызмет­тің кепілдігімен тағы 19 мал шаруа­шылығы өнімін өндіруші экс­порт­тау құқықығына ие болды. Нәти­жесінде қазіргі Өзбекстанның тізі­лімінде 56 қазақстандық кәсіпорын бар.
Осылайша, отандық кәсіпорындар жаңа өткізу нарықтарын игеруді жал­ғастырып жатыр. Сол арқылы қа­зақстандық экономика үшін мүм­кіндіктер ұлғайтылып, өңірде азық-тү­лік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп жа­тыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: