Ауыл тұрғындарының назарына!

301 Views

Абай ауылдық округіне қарасты Көкарық ауылы Қ.Сатпаев көшесінің бойында орналасқан жартылай бұзылған бұрынғы монша ғимаратының егесі бар болса, құжаттарын Абай ауылдық әкімшілігіне 1 ай мерзімі ішінде алып келуіңіз керек. Алып келмеген жағдайда сотқа беру арқылы заң шеңберінде бұзылатындығын хабарлаймыз.

Абай ауылдық округі бойынша Еңбекші ауылының батыс жағындағы үлкен асфальт жолдан басталатын тау жолының шығыс және батыс жағынан асфальт жолдың сол жағындағы Т.Бекебаевтың үйінен бастап, жанар-жағармай құю бекетіне (АЗС) дейінгі аралықтан, Жамбыл, Абай көшелерінен және Көкарық ауылындағы Жастар, жаңа Самал көшесі бойынан тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алған азаматтарға жер телімдерінің толық құжаттарымен 20.08.2022 жылға дейін Абай ауылдық округі әкімі аппаратына келулеріңізді сұранамыз. Келмеген немесе құжаттары толық болмаған және мерзімі өтіп кеткен жағдайда жер телімдері ауылдық әкімдіктің жер қорына қайтарылатындығын ескертеміз.

Абай ауылдық округіндегі жалпы алаңы 1,0 га болатын, кадастрлық нөмірі 06-091-055-393, тұрмыстық қалдықтар тастауға қызмет көрсету орнының №963915 мемлекеттік актісінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Абай ауылдық округі әкімдігінің аппараты.

Поделиться ссылкой: