Елге қызмет – абыройлы міндет

317 Views

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі барлығы 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, олар:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» № 750 бұйрығына сәйкес;
– «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметі;
– Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту» туралы № 202 бұйрығына сәйкес;
– «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Жоғарыда аталған 3 мемлекеттік қызмет www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы № 168 бұйрығына сәйкес;
– «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Бұл мемлекеттік қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Аудан әкімдігінің сәулет,
қала құрылысы және құрылыс бөлімі.

Поделиться ссылкой: